Меркі ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен Меркі ауылы №9 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен суицид пен лудоманияның алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында суицидтің себептері, психологиялық қолдаудың маңыздылығы және құмар ойындарға тәуелділіктің зияны түсіндірілді. Сонымен қатар қызметкерлерге салауатты өмір салтын ұстану, спортпен айналысу және психологиялық тұрақтылықты сақтау жөнінде ұсыныстар берілді. Мұндай шаралардың мақсаты – жеке құрам арасында психологиялық тұрақтылықты нығайту және зиянды әдеттердің алдын алу.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау