«Мұражай – тарих қақпасы» танымдық экскурсия

Жарияланды:

Автор:

категорияда

18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай Қабанбай ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Балалар шығармашылық орталығының үйірме тәрбиеленушілеріне арналған «Мұражай – тарих қақпасы» атты танымдық экскурсия Қабанбай батыр атындағы тарихи-өлкетану мұражайында өткізілді.

Экскурсияның басты мақсаты – жас ұрпаққа туған өлкенің тарихын таныту, тарихи мұраларға деген құрмет сезімін қалыптастыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.

Экскурсия барысында мұражай қызметкері Рахжанова Жансая балаларды мұражайдың әрбір бөлмесімен таныстырып, ондағы құнды жәдігерлер мен экспонаттардың шығу тарихы, олардың тарихи маңызы туралы мазмұнды мәліметтер берді.

Балалар ата-бабадан қалған тұрмыстық бұйымдарды, ұлттық киім үлгілерін, көне тарихи заттарды қызығушылықпен тамашалап, өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kabanbai/press/news/details/1225341?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version