2026 жылдың 20 мамырында Қызылорда облысы Әділет департаментінің өкілдері Нағи Ілиясов ауылдық округі әкімінің аппараты КММ-де орналасқан «Құқық кабинеті» жұмысымен танысты. Іс-шараның мақсаты – тұрғындарға көрсетілетін құқықтық көмектің сапасы мен құқықтық сауаттылықты арттыру бағытындағы жұмыстардың ұйымдастырылуын бағалау болды. Танысу барысында құқық кабинетінің қызметі жан-жақты қаралып, азаматтарға құқықтық кеңес беру жұмыстарының талапқа сай әрі жүйелі жүргізіліп отырғаны анықталды. Сонымен қатар, тұрғындардың құқықтық ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін қажетті техникалық және ұйымдастырушылық жағдайлардың жасалғаны атап өтілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kzl/press/news/details/1224910?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау