Облыстық мәслихат төрағасы Бейбіт Жүсіповтың мәдениет және өнер жұмыскерлері күнімен құттықтауы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті мәдениет және өнер саласының қызметкерлері!

Ақмола облысының депутаттық корпусы атынан сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстанның мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Театр және кино қайраткерлері, жазушылар, музыканттар, суретшілер, музей, кітапхана, мұрағат қызметкерлері, мәдениет үйлері мен клубтардың, көркемөнерпаздар ұжымдарының өкілдері – баршаңыз өңірдің рухани дамуына өлшеусіз үлес қосып келесіздер.

Ақмола өңірі – халқымыздың бай тарихи-мәдени мұрасы мен ұлттық құндылықтарын сақтап, ұрпаққа насихаттап келе жатқан қасиетті мекен. Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай сынды өнер саңлақтарының ізі қалған бұл өңірде мәдениет пен өнерге деген құрмет әрдайым жоғары.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениеттің ұлт руханиятындағы айрықша рөлін үнемі атап келеді. Бүгінде облыста мәдениет саласын дамытуға, шығармашылық ұжымдарды қолдауға, ауыл мәдениетін жаңғыртуға және жас таланттардың дамуына ерекше көңіл бөлінуде. Жыл сайын мәдениет нысандары жаңартылып, материалдық-техникалық базасы нығайтылуда.

 

Құрметті мәдениет саласының ардагерлері мен қызметкерлері!

Сіздер қоғамның рухани өмірін байытып, ұлттық өнер мен мәдени мұраны сақтап, кейінгі ұрпаққа жеткізу жолында аянбай еңбек етіп келесіздер. Осы айтулы күні баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шығармашылық шабыт, толағай табыс және жаңа жетістіктер тілеймін! Өнерлеріңіз өркендеп, еңбектеріңіз ел игілігіне қызмет ете берсін!

 

Бейбіт Жүсіпов,

Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslikhat-aqmola/press/news/details/1225049?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version