2026 жылғы 20 мамырда Өскемен қаласының №3 ХҚКО-да халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы азаматтарды ақпараттандыру мақсатында «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы өтті.
Іс-шараға Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері, сондай-ақ кәсіпкерлік және салық саласы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсететін мемлекеттік органдардың мамандары қатысты.
Кездесу барысында азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі, өтініш беру жолдары, электрондық сервистерді пайдалану, сондай-ақ салық заңнамасындағы және салықтық есептілікті ұсыну тәртібіндегі өзгерістер түсіндірілді.
Іс-шараға қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтары бойынша кеңес алып, мемлекеттік органдардың электрондық сервистерімен жұмыс істеу бойынша практикалық көмек алды.
Мұндай іс-шараларды өткізу мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруға, халықпен кері байланысты дамытуға және азаматтардың цифрлық сауаттылығын көтеруге ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1225450?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау