20 мамыр күні Е. Жайсаңбаев атындағы орта мектепбінде кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ төтенше жағдайлардың орын алуына жол бермеу мақсатында кәмелетке толмағандардың ата-аналарымен кездесу өткізілді.
Аталған кездесуге бас маман В. Чепель, Қапал Қазселденқорғау бөлімшесі мамандары, сондай-ақ Қапал өртке қарсы қызмет бөлімі басшысы қатысты.
Кездесу барысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және ата-аналардың бала тәрбиесі мен қауіпсіздігіне қатысты жауапкершілігі жөнінде маңызды мәселелер талқыланды.
Жиналыс барысында келесі мәселелерге ерекше назар аударылды:
Кәмелетке толмағандардың автокөлік және мототехника басқаруына жол бермеу
Ата-аналарға кәмелетке толмағандарға автокөлік, мотоцикл, мопед және өзге де көлік құралдарын басқаруға беруге болмайтыны, сондай-ақ бұл үшін заңмен жауапкершілік қарастырылғаны түсіндірілді.
Түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың көшеде жүруіне жол бермеу
Кәмелетке толмағандардың ата-анасының немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта көшеде және қоғамдық орындарда болуына жол бермеу қажеттігі атап өтілді.
Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау
Өртке қарсы қызмет өкілдері құрғақ шөпті, қоқысты өртеуге қатаң тыйым салынатынын және мұндай әрекеттердің өрт шығуына әкелуі мүмкін екенін түсіндірді.
Ұялы телефондарды қауіпсіз пайдалану
Ата-аналарға ұялы телефондарды, қуаттау құрылғыларын және электр құралдарын қауіпсіз пайдалану, әсіресе оларды қараусыз қалдырмау қажеттігі ескертілді.
Су айдындарындағы қауіпсіздік
Кәмелетке толмағандардың ата-анасының немесе заңды өкілдерінің қарауынсыз өзендер, су қоймалары, арықтар және өзге де қауіпті аумақтар маңында болуына жол бермеу қажеттігі айтылды.
Жазғы демалыс кезеңіндегі бақылауды күшейту
Жазғы демалыс кезеңінде ата-аналарға балаларға бақылауды күшейту, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ауылдық округ аумағынан тыс жерлерде жүруіне жол бермеу ұсынылды.
Соңғы қоңырау қарсаңындағы қауіпсіздік шаралары
Алда келе жатқан 25 мамыр – соңғы қоңырау мерекесіне байланысты түлектерге бақылауды күшейту, олардың жүрген жеріне назар аудару, қоғамдық тәртіптің бұзылуына және төтенше жағдайлардың орын алуына жол бермеу қажеттігі ерекше атап өтілді.
Кездесу соңында кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – отбасы, білім беру ұйымдары және мемлекеттік органдардың ортақ міндеті екені атап өтілді. Әсіресе мерекелік іс-шаралар мен жазғы демалыс кезеңінде ата-аналардың жауапкершілігін арттырудың маңыздылығы айтылды
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-aksu-qapal/press/news/details/1224884?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау