«OZYQ URPAQ» білім беру жобасының жабылуы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 20 мамырда, Павлодар қаласының С. Торайғыров атындағы ЖОМ базасында, орта мектептердегі робототехника сыныбы мұғалімдерінің біліктілігін арттыруға, оқушылардың роботтарды құрастыру мен бағдарламалауға деген қызығушылығын оятуға, сондай-ақ дарынды жастарды анықтап, озық білім трансферін қалыптастыруға бағытталған «Ozyq Urpaq» жобасының жабылу салтанаты өтті.

Жабылу салтанатына жобаның демеушісі – Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жобалық кеңсесінің басшысы Ерлан Сатаев пен «Группа Роботек» ЖШС негізін қалаушы және директоры Санжар Шалкарбеков, Облыстық білім беру басқармасының өкілдері, қатысушы мектептердің робототехника/информатика мұғалімдері және оқушылары қатысты.

Шара барысында, «Роботек» мектебінің негізін қалаушы және директоры, жобаның сәтті жүзеге асуына атсалысқан ұйымдастырушылар мен білім ордаларына шынайы алғысын білдіріп, жобаға қатысушы 5 мектептің белсенді педагогтеріне арнайы сертификат табыстап, ұйымдастырушыларды АЛҒЫС ХАТПЕН атап өтті.

Сонымен қатар, жобаға қатысушы 5 мектепке ROBOTEK.PRO оқу платформасына бір жылдық тегін жазылымға ЛИЦЕНЗИЯ берілді.

Өңірдегі робототехника мен жаңа технологиялардың көкжиегін кеңейткен бұл бастама алдағы уақытта да табысты әрі нәтижелі ынтымақтастықтың берік іргетасы болады деп сенеміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/1225072?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version