Павлодарда Ұлы Жеңіс күніне орай Кеңес Одағының батыры, Қазақстан Республикасының халық батыры Бауржан Момышұлына арналған балалар, жасөспірімдер, юниорлар және жастар арасында TAEKWONDO GTF бойынша қаланың ашық чемпионаты өткізілді.
Шара «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы шеңберінде, сондай-ақ жастар арасында дені сау өмір салтын насихаттау мақсатында өткізілді.
Чемпионат Павлодар қаласының әкімідігі, Павлодар облысының экономикалық тергеп-тексеру департаменті, облыстық полиция департаменті, есірткі қылмыстарына қарсы бөлімшелері және Қазақстан Таэквондо Ұлттық федерациясы (GTF) қолдауымен ұйымдастырылды.
Осындай шаралар жастар арасында спортты дамытуға, тәртіп, патриотизм, заңға құрмет және дені сау өмір салтына адалдықты қалыптастыруға ықпал етеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-pavlodar/press/news/details/1225322?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау