Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында Қызылорда облысы “Атамекен” кәсіпкерлік палатасы Өңірлік кеңесінің көшпелі отырысы өтті.
Жиынға аудан әкімінің орынбасары Бақтияр Ахметов, аудан прокуроры Бақытжан Бөлеулиев, Қызылорда облысы Кәсіпкерлер Палатасының Өңірлік кеңес төрағасы Ерлан Раимов, Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқарушы Ділмұхаммед Абизов, Өңірлік кәсіпкерлік кеңесінің мүшесі Мұрат Абайұлы Сәрсенбаев, Палата жанындағы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау кеңесінің төрағасы Болат Нурхожаев, кент, ауылдық округ әкімдері, аудандық кәсіпкерлер кеңесінің мүшелері, қаржы ұйымдарының өкілдері, жеке кәсіп иелері, шаруа қожалық төрағалары қатысты.
Жиын барысында қаржы ұйымдарының өкілдері мемлекеттік бағдарламалар аясында кәсіпкерлерге көрсетілетін қолдау шаралары, жеңілдетілген несиелеу мүмкіндіктері мен жаңа қаржыландыру жобалары жөнінде кеңінен ақпарат берді.
Сонымен қатар, қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, сала мамандарынан нақты жауаптар алды. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, кәсіпкерлер үшін өзекті мәселелер талқыланды.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімінің орынбасары Бақтияр Мадиярұлы кәсіпкерлікті дамыту – өңір экономикасының негізгі қозғаушы күші екенін атап өтіп, алдағы уақытта да мемлекеттік қолдау шараларын тиімді пайдалану арқылы жаңа жұмыс орындарын ашу, қызмет көрсету сапасын арттыру және өндіріс көлемін ұлғайту бағытында бірлескен жұмыстар жалғасатынын жеткізді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhanakorgan/press/news/details/1224927?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау