Push-хабарламалар

Жарияланды:

Автор:

категорияда

        Салықтық тәуекелдерді барынша азайтуға бағытталған алдын алу шаралары шеңберінде ескі салық төлеушінің кабинетіне мынадай бағыттар бойынша салық төлеушілерге (салық агенттеріне) «Push-хабарламалар» жолданды:

  • жалпыға бірдей белгіленген салық салу режимін қолданатын салық төлеушілерге – 2025 жыл үшін КТС декларациясы (100.00 СЕН) бойынша кірісті төмендету бойынша;
  • ҚҚС бойынша тіркеу есебінде тұрған төлеушілерге – 2026 жылдың 1-тоқсаны үшін өткізу бойынша ҚҚС сомасын төмендету бойынша (300.00 СЕН);
  • ҚҚС бойынша тіркеу есебінде тұрған төлеушілерге – 2026 жылдың 1-тоқсаны үшін есепке жатқызылған ҚҚС сомасын ұлғайту бойынша (300.00 СЕН).

       Аталған хабарламаларда алшақтықтарды анықтау алгоритмінің сипаттамасы, сондай-ақ мәліметтерді дербес салыстырып тексеру бойынша ұсынымдар көзделген.

      Салық төлеушілерге мәліметтерге салыстырып тексеру жүргізіп, ықтимал алшақтықтарды жою ұсынылады. Алдағы уақытта автоматтандырылған режимде камералдық бақылау хабарламалары қалыптастырылатын болады.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd/press/news/details/1225789?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version