Қалалық мәслихатта 20-21 мамырда тұрақты комиссиялардың бірлескен отырыстарында 2025 жылғы Астана қаласы бюджетінің атқарылуы жөніндегі есеп талқыланды
2025 жылғы 21 мамыр
Қаржы басқармасының және Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшылары сөз сөйлеп, жергілікті бюджеттің атқарылуы, Астана қаласының 2025 жылғы Даму жоспарының индикаторларына қол жеткізу туралы баяндады.
2025 жылы бюджеттің атқарылу көрсеткіші 99,3% құрады, орындалмау 12,5 млрд. теңгені, оның ішінде жергілікті бюджет қаражаты 11,4 млрд. теңгені; нысаналы трансферттер 1,1 млрд. теңгені құрады.
Даму жоспарының 38 нысаналы индикаторының 20 немесе 52,6% қол жеткізілді, 6 нысаналы индикаторға немесе 15,8% – ға қол жеткізілмеді, 12 нысаналы индикатор бойынша немесе 31,6% – ы жылдық деректердің болмауы себебінен ішінара орындалды.
Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасы Иманжүсіп Латкенұлы Ақпомбаев 2025 жылы елорда бюджетінің атқарылуы барлық маңызды әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша оң өсу қарқынымен жүзеге асырылғанын хабарлады.
Алдын ала деректер бойынша елорданың ЖӨӨ көлемі 11,6 трлн теңгеге жетті немесе 111,5% құрады, бұл ретте республикалық көлемде Астананың үлесі 11,6% құрайды, бұл республикада 2 орынды алуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, есепті жылы экономиканың жалпы өсіміне қарамастан азық-түлік (11,3%) және азық-түлік емес (10%) тауарлар мен ақылы қызметтер (15,4%) бағасының өсуі сақталуда. Инфляцияның жалпы деңгейі 112,8% құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 2,7% – ға жоғары.
Енгізілген нақтылаулар мен түзетулер нәтижесінде бюджетті орындау кезінде шығыстар 1 трлн. 830 млрд.теңгені құрады. Қала бюджеті шығыс бөлігі бойынша 99,3% – ға орындалды. Бюджетті орындамаудың жалпы сомасында 75,5% бюджеттік даму бағдарламаларына (9,4 млрд.теңге) тиесілі.
Бюджетті орындау кезінде бюджет параметрлеріне көптеген түзетулер жалғасуда, сондықтан өткен жылдың төртінші тоқсанындда бюджетке 17 өзгерістің 7-і енгізілді, бұл қаржылық рәсімдердің уақтылы жүргізілуіне және бюджет қаражатының игерілуіне теріс әсер етеді.
Сондай-ақ, 14 аудиторлық және сараптамалық-талдау іс-шараларының қорытындылары қысқаша баяндалды, онда бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін қамтудың жалпы сомасы 219,6 млрд.теңгеге 45 аудит объектісі қамтылды.
Анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 145,0 млрд. теңгені құрады. Оның ішінде бюджет қаражаты мен активтерін тиімсіз пайдалану – 72,2 млрд.теңге немесе 49,8%, қаржылық бұзушылықтар – 53,7 млрд. теңге немесе 37,0% және тиімсіз жоспарлау – 19,1 млрд. теңге немесе 13,2% көрсетті.
Қаржылық бұзушылықтардың 50,9 млрд.теңгесі қалпына келтірілуге тиіс, оның 37,2 млрд. теңгесі қалпына келтірілді (73%), бюджетке 2,8 млрд. теңге өтелуге тиіс, 2,2 млрд. теңге (78,6%) өтелді.
Сондай – ақ, 1118 бірлік рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар 209 бірлік жүйелік бұзушылықтар анықталды.
Спикер жергілікті атқарушы органның борышына ерекше назар аударды. Мысалы, 2025 жылы МЖӘ жобалары бойынша міндеттемелерді ескере отырып, жергілікті атқарушы органның борышы 419 млрд. теңгені құрап, 2024 жылға қарай 2 есеге ұлғайды (2024 жылы – 202,9 млрд.теңге).
Сондай-ақ, дебиторлық берешек 2024 жылмен салыстырғанда 75,8% – ға қысқарып, 65,4 млрд.теңгені (269,7 млрд. теңге) құрағаны атап өтілді. Кредиторлық берешек бойынша өткен жылмен салыстырғанда 27,5 млрд. теңгеден 86 млрд. теңгеге дейін 3,1 есеге айтарлықтай өсім байқалады.
Депутат Самидин Сәуле Самидинқызы бюджеттің атқарылуының сапалық көрсеткіштерін қосудың маңыздылығын атап өтті, өйткені сандар бойынша бюджет қаражатын пайдаланудың және бюджеттің сапалы атқарылуының тиімділігін бағалау мүмкін емес.
Депутат Гүлжамал Әлкенқызы Жапарова педагогтарды даярлауға жыл сайын мемлекеттік гранттар бөлу кезінде педагог кадрлардың жетіспеушілігі туралы, сондай-ақ еліміздің ЖІӨ-нің жалпы көлеміндегі елорданың ЖӨӨ үлесінің 10,4% – дан 11,6% – ға дейін өсуіне таңданыс білдірді.
Мәслихат төрағасы Табиғат Зейнұлқабденұлы Құрылыс басқармасы бойынша 7,0 млрд. теңге сомасында игерілмеген бюджет қаражатының және 1,7 млрд. теңге сомасында коммуналдық шаруашылықтың үлкен қалдықтарының себептері туралы мәселені көтерді. Сондай-ақ, бұл туралы депутат Естек Қанат Ғалымжанұлы Коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан нысандардың аяқталуын одан әрі бақылау қажеттігін айтты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/nur-rkastanagov/press/news/details/1225661?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау