Қарағанды облысында ТЖМ әскери бөліміне шақырылушылар іріктелді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ТЖМ әскери бөлімінде қызмет өткеру үшін 20 шақырылушы іріктеліп, салтанатты шығарып салу рәсімі өтті.

2026 жылғы көктемгі әскерге шақыру науқаны аясында Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаменті Қазақстан Республикасы ТЖМ М. Мәмраев атындағы 52859 әскери бөліміне мерзімді әскери қызмет өткеру үшін 20 шақырылушыны іріктеді.
Болашақ әскери қызметшілерге қызмет өткеру тәртібі, ТЖМ бөлімшелерінің міндеттері мен қызмет ерекшеліктері таныстырылды. Сондай-ақ тәртіп, жауапкершілік және моральдық-психологиялық даярлық мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Салтанатты шараға ТЖД өкілдері, ардагерлер және шақырылушылардың туыстары қатысты. Қарағанды облысы ТЖД бастығы генерал-майор Марғұлан Аманбаев болашақ әскери қызметшілерге естелік сыйлықтар табыстап, оларға адал қызмет, ерлік пен қойылған міндеттерді орындауда табыс тіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-karaganda/press/news/details/1224254?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version