Қаратөбе ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы лауазымына мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған Шамбалиұлы Еркебұлан Батеновпен кездесу өткізіп, мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттары мен қызметтік міндеттерін түсіндірдім.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🔰Қаратөбе ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бас маманы лауазымына мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған Шамбалиұлы Еркебұлан Батеновпен кездесу өткізіп, мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттары мен қызметтік міндеттерін түсіндірдім.

❇️Кездесу барысында мемлекеттік қызметшінің әдеп нормаларын сақтау, қызметтік тәртіпті ұстану, сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды орындау, азаматтармен қарым-қатынаста сыпайылық пен ашықтық қағидаларын басшылыққа алу қажеттігі айтылды. Сонымен қатар мемлекеттік қызметшіге қойылатын шектеулер мен жауапкершіліктер кеңінен таныстырылып, қызмет барысында заң талаптарын қатаң сақтау қажеттігі ескертілді.

✅Жас маманға адал әрі сапалы қызмет атқарып, халық сенімін ақтау жолында табыс пен сәттілік тілеп, алдағы жұмысына оң нәтиже мен кәсіби жетістіктер тіледім.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-karatobe/press/news/details/1225427?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version