Қазақстан мен Түркия мәдениет саласындағы ынтымақтастықты нығайтып келеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанада ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның Түркия Республикасы Парламентінің депутаты, Әділет және даму партиясы төрағасының түркі мемлекеттерімен ынтымақтастық мәселелеріне жауапты орынбасары, профессор Күршад Зорлумен кездесуі өтті.

Аида Балаева Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанның Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары қазақ-түрік ынтымақтастығын кең ауқымды бағыттар бойынша, соның ішінде гуманитарлық және мәдени байланыстар саласында одан әрі дамытуға тың серпін бергенін атап өтті.

Кездесу барысында тараптар әдеби байланыстарды жандандыру, деректі және көркем фильмдер шығару, сондай-ақ Қожа Ахмет Ясауидің хикметтері мен ілімін кеңінен дәріптеу бағытында бірлесіп жұмыс істеуге уағдаласты.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1224978?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version