Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 5 қарашадағы №1081 Жарлығымен заңдылықты, қоғамдық жауапкершілікті және адам құқықтарын құрметтеуді нығайтуға бағытталған елдің ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттары бекітілді. Негізгі қағидаттардың бірі-жасампаз мәдениетті, азаматтардың қоршаған ортаға, қоғамдық тәртіпке, тарихи-мәдени мұраға және өмірдің жалпы сапасына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыратын “Таза Қазақстан” қағидаты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 5 қарашадағы №1081 Жарлығымен заңдылықты, қоғамдық жауапкершілікті және адам құқықтарын құрметтеуді нығайтуға бағытталған елдің ішкі саясатының негізгі қағидаттары, құндылықтары мен бағыттары бекітілді. Негізгі қағидаттардың бірі-жасампаз мәдениетті, азаматтардың қоршаған ортаға, қоғамдық тәртіпке, тарихи-мәдени мұраға және өмірдің жалпы сапасына жауапкершілікпен қарауын қалыптастыратын “Таза Қазақстан” қағидаты. “Таза Қазақстан” қағидатын іске асыру адамның азаматтық және саяси құқықтарын қамтамасыз етумен және қорғаумен тікелей байланысты, өйткені қауіпсіз, жайлы және құрметті қоғамдық ортаны қалыптастыру жеке адамның қадір-қасиетін нығайтуға, азаматтық жауапкершілікті, құқықтық мәдениетті дамытуға және халықтың мемлекет пен қоғам өміріне белсенді қатысуына ықпал етеді. Осы бағыттағы адам құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз етуде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл маңызды рөл атқарады, оның қызметі азаматтардың құқықтарын қорғауға, халықтың өтініштерін қарауға, құқықтық ағартуды дамытуға және мемлекет пен қоғамның өзара іс-қимыл тетіктерін нығайтуға бағытталған. “Таза Қазақстан” қағидаты адамға, заңға, қоғамдық тәртіпке және елдің болашағы үшін жауапкершілікке негізделген жаңа қоғамдық этиканы қалыптастыруға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-karaganda-oblysy/press/news/details/1225266?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version