Қазақстанда энергия жинақтайтын «алып пауэрбанктер» салынады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Жақып Хайрушевтің төрағалығымен Энергетика министрлігі жанындағы Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Отырысқа энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов, Қоғамдық кеңес мүшелері, сондай-ақ министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ұйымдардың өкілдері қатысты.
Отырыс барысында 2025–2026 жылдардағы жылыту маусымының өтуі, сондай-ақ энергетика саласына жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды енгізу мәселелері қаралды.
Сонымен қатар энергия жинақтау жүйелері нарығын дамыту және гидроаккумуляциялық электр станцияларын енгізу перспективалары талқыланды.
Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінің белсенді дамуына байланысты энергия жинақтау жүйелері жобалары іске асырылуда. Бұл жел және күн электр станцияларында өндірілген энергияны жинақтап, оны тұтынудың шарықтау кезеңінде пайдалануға мүмкіндік береді.
«Жасыл» энергетика саласына TotalEnergies, Masdar, China Power және China Energy секілді ірі халықаралық инвесторлар тартылған. Аталған компаниялар қуаттылығы әрқайсысы 1 ГВт-қа дейін жететін жел электр парктерін салуда. Әрбір жел паркі жанынан қуаты 300 МВт болатын энергия жинақтау жүйелерін салу да көзделген. Бүгінде іске асырылып жатқан жобалардың жиынтық көлемі 1,6 ГВт-ты құрайды.
Сондай-ақ Қазақстанда энергожүйенің маневрлік мүмкіндігін арттыруға бағытталған гидроаккумуляциялық электр станцияларын салу жоспарлануда. Қазіргі таңда Алматы облысында екі ГАЭС жобасы пысықталуда. ГАЭС «энергетикалық аккумулятор» қағидатымен жұмыс істейді: электр энергиясы артық өндірілген кезеңде су жоғарғы су қоймасына айдалады, ал тұтыну шарықтаған уақытта төменге жіберіліп, турбиналар арқылы электр энергиясы өндіріледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/1225260?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version