Бүгін ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі М.Ошурбаев АҚШ-тың ҚР елшілігінің экология, ғылым, технология және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі өңірлік директоры Мишель Кимпел Гусманмен кездесті.
Тараптар қоршаған ортаны қорғаудың өзекті мәселелерін, соның ішінде атмосфералық ауаның сапасын жақсартуды, метан шығарындыларын азайтуды, сондай-ақ халықаралық уағдаластықтарға қол жеткізуді талқылады.
Вице-министр Америка тарапына Министрліктің атмосфералық ауаның сапасын жақсарту және тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі жұмысы туралы хабарлады.
Мұнай-газ өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және қалдықтармен жұмыс істеу секторларында метан шығарындыларын азайту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Осыған байланысты қазақстандық тарап метан шығарындыларын азайту саласында тәжірибе алмасуға қызығушылық білдірді.
Сондай-ақ, бірлескен жобаларды іске асыру саласындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.
Өз кезегінде Мишель Кимпел Гузман Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық білдіріп, американдық тараптың тәжірибе алмасуға және бірлескен бастамаларды іске асыруға дайындығын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екіжақты ынтымақтастықты нығайту ниетін растады және өзекті экологиялық міндеттерді шешуде одан әрі өзара іс-қимылға дайын екендіктерін білдірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/1225550?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау