Т.Рысқұлов ауданы ТЖБ ұйымдастыруымен Құлан ауылы №10 өрт сөндіру бөлімінде №5 мектеп оқушыларына танымдық экскурсия өткізілді. Оқушылар өрт сөндірушілердің күнделікті қызметімен танысып, арнайы техникалар мен құрал-жабдықтарды көрді. Кездесу барысында өрт қауіпсіздігі ережелері мен төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл тәртібі түсіндірілді. Балалар жауынгерлік киімдерді киіп көріп, мамандарға сұрақтарын қойды. Іс-шараның мақсаты – қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және өрт сөндіруші мамандығына қызығушылықты арттыру.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау