Жданов ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры Есмағамбетов Е.К. және «Қостанай ауданы Жданов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ маманы Тәжібаева Ж.О. бірлесіп, нашақорлықтың, наркобизнес пен есірткі қылмысының алдын алу мақсатында профилактикалық іс-шаралар өткізуде.
Рейдтік іс-шаралар барысында есірткі құрамды өсімдіктерді, сондай-ақ заңсыз есірткі жарнамасы мен наркограффитилерді анықтау жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, «Алкогольсіз ауыл» жобасы аясында халық арасында маскүнемдік фактілерін төмендетуге бағытталған профилактикалық және рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылуда. Іс-шаралар барысында тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, салауатты өмір салтын насихаттауға ерекше көңіл бөлінуде.
Өткізілген рейдтік іс-шаралар барысында құқық бұзушылық фактілері анықталған жоқ.
Аталған жұмыстар құқық бұзушылықтың алдын алуға, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kostanai-zhdanov/press/news/details/1225058?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау