Мемлекеттік қызмет – халық мүддесіне адал қызмет ету мен жоғары жауапкершілік.
Қазіргі қоғамда әрбір азаматтың ар-намысы мен қадір-қасиеті қорғалуға тиіс. Мемлекеттік қызметшілерге қатысты қорлау, жалған ақпарат тарату және әдепке жат пікірлер қоғамдық келісімге, өзара сыйластық пен сенімге кері әсерін тигізеді.
Сын айту орынды әрі конструктивті болуы қажет, алайда ол заң мен қоғамдық әдеп нормалары аясында жүргізілуі тиіс. Адамға құрметпен қарау – өркениетті қоғамның басты құндылықтарының бірі.
Қарым-қатынас мәдениетін сақтау, айтылған сөзге жауапкершілікпен қарау және өзара сыйластық қағидаларын ұстану қоғамдағы оң моральдық-психологиялық ахуалды қалыптастыруға ықпал етеді.
Тек бірлесе әрекет ету арқылы ғана біз қоғамдағы өзара сенім мен татулықты нығайтып, бірлік құндылықтарын сақтай аламыз.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-sport/press/news/details/1224926?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау