2026 жылғы 20 мамырда Әулиекөл өңірлік мемлекеттік архивінің ғимаратында құжаттарын электрондық форматқа көшіру және мәліметтерді «ҚБЭА» АЖ енгізу мәселелері бойынша оқыту семинары өтті.
Семинарға Әулиекөл ауданының ауылдық округтерінің бас мамандары қатысты, барлығы 8 адам.
Архивтік құжаттарды электрондық форматқа көшіру сақтаудың сенімділігін, құпиялығын, ыңғайлығы мен іздеу жылдамдығын қамтамасыз етеді.
«ҚБЭА» АЖ мәліметтерді енгізу істер номенклатурасын құруды, архив қорлары мен істер тізімдемелерін енгізуді қамтиды.
Семинарда ҚР ҰМҚ құжаттарды есепке алу мен сақталуы, істер номенклатурасын жасау, ай сайынғы есептерді жасау мәселелері қарастырылды.
Архивист Комомбаева Айгерим Галимжановна ҚР ҰМҚ-на жататын құжаттарын мемлекеттік мұрағатқа тапсыру тәртібін, істерді рәсімдеу туралы және мемлекеттік мұрағаттағы құжаттарды есепке алу және сақтау, сонымен қатар құжаттарды мемлекеттік сақтауға тапсыру жайында айтып өтті.
Шуменова Меруерт Ермековна «ҚБЭА» АЖ мәліметтерді енгізу және құжаттарды цифрландыру бойынша ай сайынғы есептерді дұрыс жасау сияқты мәселелермен таныстырды.
Семинар қатысушылары мұрағат мамандарының сөз сөйлеуі кезенде керекті жерлерін белгілеп, берілген ақпаратты конспектілеп алды. Семинар барысында ауылдық округтерінің бас мамнадары тақырыпқа байланысты қойылған сұрақтарына тиісті жауаптарын алды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-akparattandyru-mem-kysmet/press/news/details/1225664?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау