Қызылорда қаласы аумағында 2026 жылдың 18-22 мамыр аралығында «Есептегі тұлға» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – профилактикалық және тізімдік есепте тұрған тұлғалардың қайта құқықбұзушылық пен қылмыс жасауына жол бермеу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқықтық тәртіпті нығайту және тұрғындар арасында заң талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыру. Іс-шара аясында Қызылорда қаласы Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары профилактикалық есепте тұрған азаматтардың тұрғылықты мекенжайларын аралап, олардың мінез-құлқы мен сот жүктеген міндеттерді орындау барысын тексеруде. Сонымен қатар, есепте тұрған тұлғаларға сот үкімі мен қаулысында көрсетілген шектеулер мен міндеттер түсіндіріліп, құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. 

Полицейлер азаматтарға қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, отбасылық-тұрмыстық қатынастарда заң талаптарын бұзбау, спирттік ішімдіктерді шамадан тыс пайдаланудың салдары, сондай-ақ қайта құқықбұзушылыққа жол бермеу жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.  Бұдан бөлек, учаскелік полиция инспекторлары есепте тұрған азаматтардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларымен танысып, олардың қоғамға бейімделуіне ықпал ету мақсатында тиісті мекемелермен бірлескен жұмыстар атқаруда.  Іс-шара барысында құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған рейдтік және тексеру жұмыстары күшейтіліп, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау шаралары қолға алынуда. Заң талаптарын сақтау – әр азаматтың міндеті. Қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – полиция қызметінің басты бағыттарының бірі. Қызылорда қаласының Полиция басқармасы тұрғындарды заң талаптарын сақтауға, қоғамдық тәртіпті бұзбауға және құқықбұзушылықтың алдын алуға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1224879?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version