Іс-шараға облыс көлеміндегі 100-ден астам мектеп оқушылары ZOOM платформасы арқылы бір мезетте қатысты. «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылған кездесуде Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл, Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес, Киберқылмысқа қарсы күрес және Қоғамдық қауіпсіздік басқармаларының қызметкерлері дәріс өткізді. Кездесу барысында: 🔹 нашақорлықтың зияны; 🔹 буллинг пен кибербуллинг; 🔹 интернет қауіпсіздігі; 🔹 лудомания; 🔹 зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар есірткі айналымына қатысқаны үшін қарастырылған заң талаптары мен қылмыстық жауапкершілік туралы жан-жақты ақпарат берілді. 🔔 Жақында өтетін 25 мамыр — Соңғы қоңырау мерекесіне байланысты оқушылар мен мектеп бітіруші түлектерге арналған түсіндірме сабағы ұйымдастырылып, мерекелік күндері қоғамдық тәртіпті сақтау, жол қауіпсіздігі талаптарын орындау жөнінде профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Мұндай іс-шаралар жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, зиянды әдеттердің алдын алуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-kyzylorda/press/news/details/1224875?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау