РУХАНИ МҰРА – ҰРПАҚҚА АМАНАТ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

РУХАНИ МҰРА – ҰРПАҚҚА АМАНАТ

«Ұлы тұлғалар жолы» облыстық жобасы аясында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Меңдіқара ауданы білім бөлімінің Ғ.Жұмабаев атындағы Боровской мектеп-гимназиясы» КММ базасында өткен «Ұрпақтар сабақтастығы» облыстық семинары мазмұны терең, тәрбиелік мәні зор рухани іс-шаралардың бірі болды.

Іс-шара барысында білім ордамызға есімі берілген көрнекті ақын, аудармашы Ғаббас Жұмабаевтың өмір жолы мен шығармашылық мұрасы кеңінен насихатталып, оның өнегелі ғұмыры жас ұрпаққа тағылым ретінде ұсынылды.

Ауқымды семинарға ақынның туыстары арнайы қатысып, әсерлі естеліктерімен бөлісті. Сынып жетекшілері ұйымдастырған ашық сабақтар жоғары деңгейде өтіп, әр сабақта ақынның өмірі мен еңбегі мазмұнды әрі терең ашылды. Сонымен қатар, мектеп кітапханасы ақын туыстарының құнды сыйы — екі бірдей аударма жинақпен толықтырылды.

Ұлттық құндылықтарды дәріптеп, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға бағытталған бұл тағылымды шара жас буынның рухани дамуына серпін беретін маңызды қадам болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bilim/press/news/details/1225463?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version