Сарысу ауданында қоғамдағы өзекті мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сарысу ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері мен Аудандық орталық аурухана мамандарының ұйымдастыруымен аудан тұрғындары мен медицина саласы қызметкерлеріне арналған түсіндіру іс-шарасы өтті. Кездесу барысында қазіргі қоғамдағы маңызды мәселелердің бірі саналатын лудоманияның, суицидтің, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасы жарастығын сақтау және есірткіге қарсы күрес тақырыптары кеңінен талқыланды. Кездесу барысында аурухана медбикесі Каликова Айсана лудомания мен есірткінің адам денсаулығына тигізетін зияны туралы айтып, олардың алдын алу жолдарын түсіндірді. Сонымен қатар қиын жағдайға тап болған азаматтарға психологиялық қолдау көрсетудің маңыздылығы айтылды.

Жамбыл облысы ТЖД

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1225098?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version