Сауда вице-министрі Әсет Нүсіпов Солтүстік Қазақстан облысының өнеркәсіптік әлеуетіне баға берді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Әсет Ілиясұлы Нүсіпов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді. Сапар аясында ол Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің алаңында өңір тұрғындарымен және бизнес өкілдерімен кездесті, «Qyzyljar» креативті орталығының жұмысымен танысты, сондай-ақ азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Сапардың негізгі бөлігі өңірдің жетекші өнеркәсіптік кәсіпорындарын аралауға арналды. Вице-министр Петропавл электротехникалық зауытының, «Nord Panels» ЖШС, «ECO Glade» ЖШС, «Зеленый Север» жылыжай кешенінің және «Рим-КазАгро» қағаз бұйымдары фабрикасының өндірістік қуатымен танысты.

Бизнес өкілдерімен кездесулер барысында ішкі сауданы дамыту, отандық тауар өндірушілерді қолдау шаралары, салаға цифрлық шешімдерді енгізу және өңірдің экспорттық әлеуетін кеңейту мәселелері талқыланды.

Сапар қорытындысы бойынша Әсет Нүсіпов Солтүстік Қазақстан облысында өнеркәсіп өндірісінің тұрақты өсімі байқалып отырғанын және өңірдің инвестициялық әлеуеті жоғары екенін атап өтті. Іске асырылып жатқан жобалар нақты нәтиже беруде: экспорттық өнім түрлері кеңейіп, жергілікті кәсіпорындардың ТМД елдері мен алыс шетел нарықтарындағы позициясы нығайып, жаңа жұмыс орындары ашылуда.

«Сауда және интеграция министрлігі өңірдің бастамаларына жүйелі қолдау көрсетуге дайын. Біздің міндетіміз – табысты тәжірибелерді кеңейтуге және қазақстандық өнімдердің жаңа нарықтарға шығуына ықпал ету», – деп атап өтті вице-министр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-sayasat/press/news/details/1225589?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version