Сеулде өткен AACC SRD V конференциясы аясында Қазақстанның конституциялық реформалары таныстырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Телеграмм КС – https://t.me/consot_kz

 

Корея Республикасында Азияның конституциялық соттары мен теңестірілген институттары қауымдастығының (AACC) қолдауымен «Конституциялық құқықтың өзекті мәселелері мен соңғы үрдістері» тақырыбында ғылыми-зерттеу конференциясы өтті.

Ауқымды шараға Қазақстан, Үндістан, Малайзия, Оңтүстік Корея, Пәкістан, Ресей Федерациясы, Таиланд, Түркия, Өзбекстан және Әзербайжан сияқты Азия елдерінің 15 конституциялық бақылау органынан шамамен 50 өкіл мен зерттеуші, сондай-ақ жетекші құқықтанушы ғалымдар қатысты. Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотын форумда өтініштерді алдын ала зерделеу және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Эльмира Қалиева мен талдау және конституциялық іс жүргізу бөлімінің меңгерушісі Амир Умаров таныстырды.

Форум дәстүрлі түрде үздік халықаралық құқықтық тәжірибемен тұрақты алмасу, демократиялық қағидаттарды қорғау, құқық үстемдігін нығайту және өзгермелі жаһандық ахуал жағдайында азаматтардың негізгі құқықтарын қамтамасыз етудің тиімді тетіктерін дамыту алаңы болып табылады.

Конференция барысында Эльмира Қалиева Қазақстанның конституциялық дамуының хронологиясы туралы баяндама жасап, еліміздің жаңа Ата заңының жаңашылдықтарын жан-жақты ашып көрсетті. Спикер жүргізіліп жатқан реформалардың «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыруға және Әділетті Қазақстанды құруға бағытталғанын атап өтті. Жаңғыртудың негізгі жетістіктері ретінде шетелдік әріптестерге «Миранда ережесін» енгізу, кінәсіздік презумпциясын күшейту, цифрлық ортадағы азаматтардың құқықтарына конституциялық кепілдіктер беру, сондай-ақ Конституциялық Сотты Ата заңның үстемдігін қамтамасыз ететін тәуелсіз орган ретінде түпкілікті бекіткен конституциялық бақылаудың жаңартылған моделі ұсынылды.

Анықтама: Қауымдастық 2010 жылы Азиядағы конституциялық әділет органдарының өңірлік форумы ретінде құрылған. Оның функцияларына мүшелердің тұрақты кездесулерін өткізу, симпозиумдар, семинарлар мен жұмыс сапарларын ұйымдастыру, конституциялық прецеденттік құқық бойынша тәжірибе алмасуды қамтамасыз ету, олардың жұмыс әдістері туралы ақпараттандыру, сондай-ақ жария құқық пен конституциялық юрисдикцияға қатысты институционалдық, құрылымдық және рәсімдік мәселелер бойынша пікір және идея алмасу кіреді.

Қазіргі уақытта қауымдастыққа 21 мемлекет қатысады: Әзербайжан, Ауғанстан, Бангладеш, Үндістан, Индонезия, Иордания, Қазақстан, Корея Республикасы, Қырғыз Республикасы, Малайзия, Мальдив аралдары, Моңғолия, Мьянма, Пәкістан, Палестина, Ресей, Филиппин, Тәжікстан, Таиланд, Түркия және Өзбекстан.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksrk/press/news/details/1225112?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version