Шалқар ауданында облыс әкімі Қарашоқат, Шілікті және Тоғыз атты үш шалғай ауылдың тұрғындарымен кездесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өңір басшысы елді мекендердегі әлеуметтік нысандарды аралап, тұрғындардың өтініш-тілектерін тыңдады.

«Мен сіздерді толғандырған мәселелерді білу үшін ауылдарды арнайы аралап, халықпен кездесіп жүрмін. Әрбір көтерілген мәселе назардан тыс қалмай, өз шешімін табады. Мен үшін облыс тұрғындарының жайлы өмір сүруі маңызды. Біз халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған өңірлік бағдарламаларды әзірлеп, жүзеге асырып жатырмыз. Бұл бағдарламаларға тұрғындармен кездесулер барысында көтерілген мәселелер де енгізіледі»
, – деді облыс әкімі.

Асхат Шахаров Қарашоқат ауылында тұрғындардың өтініші негізінде жаңа мектеп салынғанына тоқталды. 1904 жылы салынған ескі білім ордасы қазіргі талаптарға сай келмеген.

 2020 жылы басталған мектеп құрылысы біршама уақыт тоқтап қалып, 2024 жылы демеушілердің қолдауымен қайта жанданып, сол жылдың қараша айында аяқталған. Мәселе облыс әкімінің ықпалымен шешімін тапты.

Асхат Шахаров 120 орындық орта мектепті аралап көрді. Қазіргі таңда мұнда 99 оқушы білім алуда. Мектепте 35 педагог жұмыс істейді. Биыл білім ордасын 13 түлек аяқтайды, олардың бесеуі – «Алтын белгіге» үміткер.

Мектеп директоры Жаңғырбай Омаровтың айтуынша, оқушылар жақсы нәтиже көрсетіп келеді. Білім ордасына тірек мектебі мәртебесі беріліп, соның нәтижесінде Шалқар ауданындағы мектептердің бірімен бірлескен онлайн сабақтар ұйымдастырылған. Бұл білім сапасына оң әсерін тигізіп, оқушылар облыстық және республикалық пән олимпиадаларына белсенді қатыса бастаған.

Жаңа мектептің ашылуымен оқу жағдайы жақсарып, бұл білім сапасына да оң ықпал еткен. Сонымен қатар мұнда мектепалды даярлық сыныбы ашылған. Қазір онда 10 бала тәрбиеленіп жатыр, олар келесі жылы бірінші сыныпқа барады.

Қарашоқат ауылының тұрғындары жаңа мектеп үшін облыс әкіміне алғыс білдіріп, ауылды газдандыру мәселесін көтерді. Ауылда 81 үй бар, 400-ден астам адам тұрады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-social/press/news/details/1224954?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version