Шетел тілдері педагогтеріне арналған III Халықаралық KETA конференциясы «Ағылшын тілін оқытуды дамытудағы тәжірибе мен болашаққа көзқарас»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шетел тілдері педагогтеріне арналған III Халықаралық KETA конференциясы
«Ағылшын тілін оқытуды дамытудағы тәжірибе мен болашаққа көзқарас»

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің базасында Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының Әдістемелік орталығы мен KETA қауымдастығының (Қостанай ағылшын тілі мұғалімдері қауымдастығы) бірлесіп ұйымдастыруымен тілдік білім беруді дамытуға және халықаралық ынтымақтастыққа қызығушылық танытқан педагогтер мен студенттердің басын қосқан халықаралық конференция өтті.
Іс-шараға мектеп, колледж және университет оқытушылары, сондай-ақ шетел тілдері факультетінің бітіруші курс студенттері қатысты. Конференция кәсіби тәжірибе алмасу, оқытудың заманауи әдістерін талқылау және шетел тілдерін меңгерудегі өзекті үрдістерді қарастыру алаңына айналды.
Іс-шараның маңыздылығын АҚШ-тан келген педагогтердің қатысуы арттырды. Олар өздерінің практикалық тәжірибелерімен бөлісіп, заманауи білім беру тәсілдерін ұсынып, пікірталастарға белсенді қатысты.
Конференция барысында қатысушылар білім сапасын арттыру, оқу үдерісіне инновациялық технологияларды енгізу және халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.
Осындай іс-шараларды өткізу кәсіби байланыстарды нығайтуға, педагогтер мен студенттердің көкжиегін кеңейтуге, сондай-ақ мәдениетаралық диалогты дамытуға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bilim/press/news/details/1225362?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version