Шілікті ауылында облыс әкімі 2025 жылы ашылған дене шынықтыру-сауықтыру кешенін аралады.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кішіқұм ауылдық округінің әкімі Жалғас Табынбеков Қарашоқат пен Шілікті ауылдарын газбен қамту мәселесі 2027 жылғы газдандыру бағдарламасына енгізілетінін алға тартты.

Бұл жаңалық жергілікті тұрғындарды қуантты.

Шілікті ауылында облыс әкімі 2025 жылы ашылған дене шынықтыру-сауықтыру кешенін аралады. Қазіргі таңда мұнда күрес және каратэ секциялары жұмыс істейді. Үлкен спорт залында жасөспірімдер футбол, волейбол және баскетболмен айналысады.

Жергілікті тұрғындар балалардың спортпен шұғылдануына жағдай жасалғаны үшін ризашылықтарын білдірді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, өңірлерде сапалы білім беру мен бұқаралық спортты дамытуға аса көңіл бөлінуде. Осы бағытта елді мекендерде мектептер салынып, жаңғыртылып, заманауи спорт нысандары ашылып жатыр. Мұның бәрі тұрғындар, әсіресе балалар мен жастардың, жайлы жағдайда білім алып, спортпен айналысуы үшін жасалуда. Біз алдағы уақытта да Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүйелі түрде жүзеге асырып, халықтың өзекті мәселелерін шешу жұмыстарын жалғастырамыз»,
– деді Асхат Шахаров.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-social/press/news/details/1224973?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version