Шортанды ауданының прокуратурасы жастармен кездесу өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шортанды ауданы прокуратурасымен аудан жастарына «Заң мен тәртіп – қоғам тұрақтылығының негізі» тақырыбында кездесу өткізілді.

Іс-шара барысында прокуратура қызметкерлерімен Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының №33 және №38 нормативтік қаулыларының талаптары түсіндіріліп, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау, заңдылықты нығайту және заңнаманы біркелкі қолдану мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кездесу барысында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын сақтау және Конституциялық Соттың азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы рөліне ерекше назар аударылды.

Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, пікір алмасты.

Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Ақмола облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1225378?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version