ШҚО-да Мәдениет және өнер қызметкерлері күні атап өтілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шығыс Қазақстан облысында Мәдениет және өнер қызметкерлері күні салтанатты түрде атап өтілді. Мерекелік шара қала сыртындағы «The Forest» мейрамхана кешенінде өтіп, оған облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, мәдениет және өнер саласының қызметкерлері, кітапхана мен музей саласының мамандары қатысты.

Шара аясында сала үздіктеріне ведомстволық наградалар, Алғыс хаттар мен Құрмет грамоталары табысталды. Аймақ басшысы мәдениет қызметкерлерінің рухани мұраны сақтау, өнерді дамыту және Шығыс Қазақстанның мәдени имиджін нығайту жолындағы айрықша еңбегін атап өтті.

«Тамыры терең тарих пен тағылымға бай Шығыс Қазақстан – өнер мен руханияттың алтын бесігі. Әр ұйымдастырылған шара, әр қойылым, әр сурет пен кітап көрмесі – туған өлкеміздің рухани келбетін айшықтай түсетін игі еңбек. Қасиетті Шығыс өңірінің мәдениетін дамыту жолындағы еселі еңбектеріңіз үшін баршаңызға шынайы алғысымды білдіремін!», – деді ШҚО әкімі.

Кеш қонақтарына қазақстандық эстрада жұлдыздары Нұрлан Абдуллин мен Мақсат Рахметтің және өңірдің шығармашылық ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылды.

Шара барысында жас таланттарға және Шығыс Қазақстанды республикалық әрі халықаралық деңгейде табысты танытып жүрген шығармашылық ұжымдардың жетістіктеріне ерекше көңіл бөлінді.

(Материалдарды пайдалану кезінде ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасау міндетті).

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1225850?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version