2026 жылғы 20 мамырда «СҚО бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаменті» РММ басшысының орынбасары Е.У. Сүгірова Солтүстік Қазақстан облысы бойынша «Қазақ зағиптар қоғамы» ҚБ филиалының мүшелерімен кездесуге қатысты. Кездесудің мақсаты – медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері (мүгедектік санаттары мен топтары, мүгедектік себептері мен мерзімдері, сырттай проактивті куәландыру, мүгедектікті белгілеудің ерекше тетігі бойынша пилоттық жобаны іске асыру), сондай-ақ медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімдерінің мамандары тарапынан мүгедектігі бар адамдарға тифлотехникалық құралдар, санаторий-курорттық емдеу, протездік-ортопедиялық және міндетті гигиеналық құралдар, сурдотехникалық құралдар бойынша абилитациялау және оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу мәселелері жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу болды.
Кездесу барысында қатысушылар тарапынан қойылған барлық сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-sko/press/news/details/1225726?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау