«Таза Қазақстан»: Жамбыл облысында қоғамдық орындарды ластаған 392 тұрғын жауапқа тартылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Таза Қазақстан»: Жамбыл облысында қоғамдық орындарды ластаған 392 тұрғын жауапқа тартылды

Жамбыл облысында “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында полицейлер тазалық талаптарын бұзған азаматтарды анықтау жұмыстарын күшейтті. Қоғамдық орынды ластап, тәртіпті елемейтін тұрғындар бейнебақылау камераларының жіті назарына түсуде.

Көшеде кетіп бара жатып темекі тұқылын тастау, сусын бөтелкесін немесе қоқысты жол жиегіне қалдырып кету — көпшілік мән бермейтін әрекет. Алайда мұндай жағдайлардың барлығы қоғамдық орынды ластау болып есептеледі.

Қазіргі таңда облыс аумағындағы бейнебақылау камералары арқылы осындай құқық бұзушылықтар күн сайын анықталуда. Жыл басынан бері полицейлер 392 деректі тіркеп, құқық бұзушыларға тиісті шара қолданды.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, тазалық тек коммуналдық қызметтің емес, әр тұрғынның ортақ жауапкершілігі. Жамбыл облысы Полиция департаменті азаматтарды көшелер мен қоғамдық орындарда тазалық сақтауға, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhambyl/press/news/details/1225060?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version