Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев телекоммуникация саласындағы ережелерді айтарлықтай өзгертетін заң жобасын таныстырды.
Негізгі жаңашылдықтар:
Цифрлық қолжетімділік: Мемлекеттік сервистер (eGov, e-Otinish) және Aitu мессенджері тарифсіз қолжетімді болады. Яғни, олар баланс нөл болғанда немесе интернет-трафик аяқталған жағдайда да жұмыс істейді.
Операторлардың ашықтығы: Байланыс компаниялары егжей-тегжейлі қаржылық есептілікті жариялауға міндеттеледі. Ашықтықтың артуы абоненттердің қаражатының қалай жұмсалатынына қатысты сұрақтарды азайтады.
Репитерлерге шектеу: Байланыс күшейткіштерін елге әкелу енді тек операторларға рұқсат етіледі. Заңсыз репитерлер байланыс сапасына кедергі келтіріп, айналадағы тұрғындарға қолайсыздық туғызатындықтан, оларға қарсы шаралар күшейтіледі.
Таулы және шалғай аймақтардағы байланыс: Байланыс мұнараларын орнатуға арналған жер телімдерін бөлу рәсімі жеңілдетіліп, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда инфрақұрылым салуға рұқсат беріледі.
Спутниктік интернет: Спутниктік байланыс жүйелеріне қатысты жаңа талаптар енгізіледі. Бұл ең шалғай ауылдарды интернетпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-informatization/press/news/details/1225483?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау