ТЕРГЕУ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қызылордада «Цифрлық дәлелдер және алгоритмдер: тергеу тәжірибесінің болашағы» тақырыбында тергеушілер форумы өтті.Форумға құқық қорғау және мемлекеттік органдардың өкілдері, сала мамандары мен сарапшылар қатысты. Шара Қызылорда облыстық прокуратурасының бастамасымен және Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің ұйымдастыруымен өткізілді. Жиын барысында цифрландырудың қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау мен тергеудегі рөлі, сондай-ақ заманауи алгоритмдерді қолдану мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Кенесары Бағбанұлы қатысушыларға агенттіктің «Ақылды тергеуші» пилоттық жобасын таныстырды. Шара аясында департаменттің АМІЖ тергеушісі Ернат Зәкірұлы кәсіби қызметіндегі жетістіктері мен құқық қорғау саласына қосқан үлесі үшін облыс прокурорының Алғыс хатымен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-kyzylorda/press/news/details/1225335?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version