2026 жылғы 19 мамырда Ұлан ауданының Қоғамдық кеңесін құру жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті. Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
- Ұлан ауданының Қоғамдық кеңес құрамына, соның ішінде резервтік тізімнен қосу бойынша қоғамдық ұйымдар мен белсенді азаматтардан түскен ұсыныстарды талқылау;
- Ұлан ауданының Қоғамдық кеңес мүшелігіне үміткер әрбір кандидатпен сұхбаттасу және ашық дауыс беру;
- Ұлан ауданының Қоғамдық кеңесіне кандидаттардың резервтік тізімін жасақтау.
Дауыс беру қорытындысы бойынша Ұлан ауданының Қоғамдық кеңес құрамына келесі кандидаттар сайланды:
- Айтказинов Думан Арқалықұлы;
- Кемешев Руслан Набиолданович;
- Серғазин Амангелді;
- Гладышев Василий Васильевич.
Резервтік тізімге Абдуллина Нұршат Алтайхановна енгізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulanmaslikhat/press/news/details/1225127?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау