Зерттеуге қатысыңыз: әл-ауқат индексін қалыптастыруға көмектесіңіз.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекеттік саясатты қалыптастырудың қазіргі жағдайында негізгі бағдар адам орталықтылығы қағидаты — азаматтардың мүдделері мен қажеттіліктерінің басымдығы болып табылады. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдің орнықты экономикалық өсу стратегиясы халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, жайлы орта құруға және базалық қызметтерге тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс екенін бірнеше рет атап өтті.

2022 жылдан бастап ҚР Ұлттық экономика министрлігінің “Экономикалық зерттеулер институты” АҚ өңірлік әл-ауқат индексін қалыптастырады. Бұл құрал Қазақстанның қалалары мен ауылдарындағы халықтың өмір сүру деңгейін бағалауға, аумақтық теңсіздікті анықтауға және оны еңсеру үшін шешімдер ұсынуға мүмкіндік береді. Әдістеме Азия даму банкімен бірлесіп әзірленген және инфрақұрылымның жай-күйі, білім мен медицинаның қолжетімділігі, экология, қауіпсіздік, жұмыспен қамту және басқа да аспектілерді ескереді.

2026 жылдың мамыр-қыркүйек айлары аралығында Қазақстан тұрғындарына онлайн-сауалнама жүргізіледі. Оның нәтижелері өңірлік саясатты жетілдіру және аумақтарды дамыту басымдықтарын айқындау үшін негіз болады.

Онлайн сауалнамаға сілтеме:

Мемлекеттік тілде:

https://forms.gle/gs5vvzkjNeWjDQS88

Орыс тілінде:

https://forms.gle/Y14XTCuzFTstafuKA

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-karzhy/press/news/details/1224919?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version