Абай облысының мақтанышы Жалғас Қайролла Астанада өткен дзюдодан Qazaqstan Barysy Grand Slam халықаралық турнирінде 81 келі салмақ дәрежесінде тамаша өнер көрсетіп, алтын медаль иегері атанды. Қарсыластарына еш мүмкіндік бермеген балуан өзінің жоғары шеберлігі мен мықты дайындығын дәлелдеп, ел абыройын асқақтатты.
Жалғас бұл жарысқа екі жылдан астам уақыт тыңғылықты дайындалғанын айтып, жеңісінің артында үлкен еңбек жатқанын жеткізді. Сондай-ақ спортшы өзін әрдайым қолдап жүрген ата-анасына, бапкерлеріне және Абай облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасына ерекше алғысын білдірді. Оның айтуынша, туған елдің сенімі мен жанкүйерлердің қолдауы оған үлкен күш берген.
Халықаралық додада топ жарған жас спортшы бұл жеңісті қазақ халқына арнап, алдағы уақытта да ел намысын абыроймен қорғай беретінін айтты. Жалғас Қайролланың бұл жетістігі — Абай облысы спортының үлкен жеңісі әрі жас буынға үлгі боларлық нәтиже.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-sport/press/news/details/1224940?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау