Жамбыл ауданындағы “Сеңгірбай” демалыс аймағында ауданның төрт мектебінен келген 150 оқушыға шомылу маусымындағы қауіпсіздік бойынша тәжірибелік сабақ ұйымдастырылды. Сабақ барысында ТЖД құтқарушылары оқушыларға суға бату жағдайындағы іс-қимылдарды көрсетіп, зардап шеккен адамға алғашқы көмек көрсету жолдарын түсіндірді. Сонымен қатар, су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері еске салынды. Осындай іс-шаралар балалардың жазғы кезеңде жеке қауіпсіздікке саналы көзқарасын қалыптастыруға ықпал етеді.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау