Жас мамандарды кәсіби тұрғыдан жетілдіру –әдіскердің міндеті!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жас мамандарды кәсіби тұрғыдан жетілдіру –әдіскердің міндеті!

2026 жылдың 12 мамыры күні Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының әдіскері Иманқұлов Ермек Асқарұлы, Қарабалық ауданы білім бөлімінің әдіскері Жұмағұлова Жанар Дүйсенбайқызы және Қостанай қаласы білім бөлімінің әдіскері Самбулатова Гүлшат Шүкірқызы Жангелді, Б. Майлин және Наурызым аудандарының әдіскерлері мен жас мамандарына ZOOM платформасында трансляция ұйымдастырды.
Трансляция барысында «Жас мұғалімнің әдістемелік портфелін қалыптастыру жолдары» тақырыбындағы авторлық бағдарлама бойынша озық педагогикалық тәжірибе таратылды. Көрсетілген бағдарлама жас мамандардың кәсіби құзыреттілігін дамытуға, әдістемелік қорын жүйелеуге және білім беру үдерісіндегі инновациялық тәсілдерді енгізуге бағытталған.
Кездесу нәтижесінде қатысушылар әдістемелік портфельді құрастырудың құрылымы, мазмұны және бағалау критерийлерімен танысып, өз тәжірибелерінде қолдануға арналған практикалық ұсыныстар алды. Іс-шара жас педагогтердің кәсіби өсуіне және өңірдегі білім беру сапасын арттыруға ықпал ететін маңызды алаңға айналды.
,

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-bilim/press/news/details/1225429?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version