Жетісу облысы Полиция департаментінде Қытай Халық Республикасының Қоғамдық қауіпсіздік министрлігі өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар шекара маңындағы өңірдегі өзара іс-қимыл, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ Жетісу облысы аумағында құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Әсіресе есірткі мен қарудың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл, көші-қон үдерістері, сондай-ақ шекара маңындағы аумақта қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесуде Жетісу облысының Қытай Халық Республикасымен шектесетіні, ал «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығы екіжақты байланысты дамыту мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратыны атап өтілді.
Жетісу облысы Полиция департаментінің бастығы Сарқытбай Құсайынов қытай тарабына сындарлы өзара іс-қимыл үшін алғысын білдіріп, алдағы уақытта ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласында өзара іс-қимылды күшейтуге және тәжірибе алмасуды жалғастыруға дайын екендерін білдірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1225711?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау