ЖИДЕЛІАРЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕГІ ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР: АУДАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ЖИДЕЛІАРЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕГІ ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР: АУДАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, Шиелі ауданының әкімі Айтбай Жандарбеков І жартыжылдық қорытындысы бойынша Жиделіарық ауылдық округінің тұрғындарымен есептік кездесу өткізді.
Жиын барысында ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсарту бағытында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар кеңінен талқыланды.

💬 Ауыл тұрғындары өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, көкейкесті мәселелерін жеткізді. Аудан әкімі Айтбай Жандарбеков халықпен ашық диалог — әрдайым басты назарда болатынын және көтерілген мәселелердің барлығы кезең-кезеңімен, заң аясында шешімін табатынын атап өтті. Жиында айтылған ұсыныстар бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді.
#ҚызылордаШиеліЖиделіарық

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-shieli-zhideliaryq/press/news/details/1224244?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version