Жұмыс кеңесі өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдың 20 мамырында Шығыс Қазақстан облысы Әділет департаментімен ШҚО прокуратурасының Қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының прокуроры Махмут А.М., ШҚО жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының басшысы Абдрахманов С.С., облыстың жеке сот орындаушыларының қатысуымен алимент өндіру бойынша атқарушылық іс жүргізулердің тиімділігін арттыруға бағытталған Қазақстан Республикасының Бас прокурорының Нұсқауын орындау мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өткізілді.
Іс шара аясында ШҚО облысы прокуратурасының Қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының прокуроры Махмут А.М. Нұсқаудың негізгі ережелерін түсіндіріп, алимент өндіру бойынша атқарушылық құжаттарды орындау кезіндегі жеке сот орындаушылардың қызметіне қатысты мәселелер бойынша баяндама жасады.
Кеңес қорытындысы бойынша қатысушыларға заңнаманы бірізді қолдану қамтамасыз ету және алимент өндіру бойынша атқарушылық іс жүргізулердің тиімділігін арттыру бағытында тиісті ұсынымдар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shko/press/news/details/1224899?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version