Член Ревизионной комиссии по Акмолинской области Рахимжанов М.Х. 22 июня 2026 года принял участие в работе очередной сессии маслихата города Степногорск по вопросу утверждения годового отчета об исполнении бюджета города Степногорск за 2025 год.
На сессии маслихата города Степногорск с соответствующим докладом выступил аким города Касенов Г.К.
Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі М.Х. Рахимжанов 2026 жылғы 22 маусымда Степногорск қалалық мәслихатының кезекті сессиясына қатысып, онда 2025 жылға арналған Степногорск қаласы бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту мәселесі қаралды.
Степногорск қалалық мәслихатының сессиясында тиісті баяндамамен қала әкімі Касенов Г.К. сөз сөйледі.
Депутаттардың назарына 2025 жылға арналған Степногорск қаласы бюджетінің атқарылуы туралы есепке Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының қорытындысы ұсынылды.
Қорытындыда 2025 жылы қала бюджетінің атқарылуындағы негізгі проблемалық мәселелер атап өтіліп, қала бюджетінің кірістері мен шығыстарына талдау жасалды. Сонымен қатар, бюджетті атқару барысында бірқатар кемшіліктердің бар екені көрсетілді.
Қала бюджетінің атқарылуын бағалау қорытындысы бойынша Тексеру комиссиясы Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарын, бюджет жүйесінің қағидаттарын сақтау, сондай-ақ бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімді пайдалануды қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар берді.
Жалпы, қала бюджеті Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясының ескертулері мен ұсынымдарын ескере отырып бекітілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akmol-revkom/press/news/details/1226827?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау