23 мамыр күні Өскемен қаласында Тарбағатай ауданының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді.
Қала тұрғындары табиғи әрі сапалы өнімдерді өндірушілерден тікелей нарық бағасынан 15%-ға дейін төмен бағамен сатып ала алады.
Жәрмеңкеге жалпы көлемі 3,3 тонна болатын келесі өнімдер әкелінеді:
Сиыр еті – 1,2 тонна;
Жылқы еті – 1 тонна;
Қой еті – 80 кг;
Балық – 1 тонна.
📍 Өтетін орны: «Алтай» КТО, Жібек жолы көшесі, 44
🕗 Уақыты: 08:00-ден 13:00-ге дейін
🤝 Баршаңызды жәрмеңкеге шақырамыз! Тарбағатай ауданының табиғи өнімдерін сатып алып, дәмін татыңыздар!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-agro/press/news/details/1226158?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау