Жетісу облысы Полиция департаментінде қонақтарды жылы қарсы алып, қызмет тарихымен таныстырды. Турнир қатысушылары департамент музейін аралап, онда ішкі істер органдарының қалыптасу кезеңдері мен қызмет жолын ел қауіпсіздігіне арнаған полиция қызметкерлерінің естеліктерімен танысты.
Одан кейін Талдықорған қаласындағы «Салтанат сарайында» Жетісу облысы, Алматы қаласы, Алматы облысы, Шығыс Қазақстан облысы және Абай облысы Полиция департаменттерінің командалары қатысқан «Әділетті полицей» атты шығыс өңірлік зияткерлік турнирі өтті.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бастамасы аясында ұйымдастырылып, полиция қызметкерлері арасында әділдік, адалдық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтуға бағытталды.
Турнирдің ашылуында Жетісу облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Мадияр Омаров құттықтау сөз сөйледі. Қазылар алқасының құрамында полиция бөлімшелерінің басшылары, баспасөз қызметінің өкілдері, сондай-ақ І. Жансүгіров атындағы университеттің профессоры, ІІО ардагері Болат Молдабеков болды.
Турнир бірнеше кезеңнен тұрды: жалпы тур, жартылай финал және финал. Қатысушылар заңнама, Қазақстан тарихы, кәсіби этика және қызметтік даярлық бойынша сұрақтарға жауап берсе, финалда ситуациялық бейнетапсырмаларды орындады.
Ең тартысты кезеңдердің бірі — «Байланыс бар!» ойыны болды. Бұл кезеңде командалар ұйымшылдықтарын, шапшаң ойлау қабілеттерін және өзара әрекеттесу дағдыларын көрсетті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1226861?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау