Әлеуметтік аударымдар — Қазақстан Республикасының азаматтарын әлеуметтік қорғауға бағытталған Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төленетін міндетті төлемдер.
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 243–246-баптарына сәйкес міндетті әлеуметтік сақтандыруға:
– жұмыскерлер және өзге де ақы төленетін жұмысы бар тұлғалар;
– жеке кәсіпкерлер, оның ішінде шаруа немесе фермер қожалықтарының басшылары мен кәмелетке толған мүшелері;
– жеке практикамен айналысатын тұлғалар;
– азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс орындайтын немесе қызмет көрсететін тұлғалар;
– жеке көмекшілер;
-арнайы салық режимдерін қолданатын төлеушілердің жекелеген санаттары жатады.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру нормалары Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын және ел аумағында табыс алатын қандастарға, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға да қолданылады.
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесі есептеу объектісінің 5%-ын құрайды. Жұмыскерлер үшін есептеу объектісі — жұмыс беруші төлейтін еңбек қызметінен түсетін табыс.
Жеке кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын тұлғалар үшін есептеу табысы дербес айқындалады, бірақ ең төменгі жалақы мөлшерінен кем және 7 еселенген ең төменгі жалақы мөлшерінен жоғары болмауы тиіс.
Әлеуметтік аударымдар есепті айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірілмей ай сайын төленеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-abay/press/news/details/1225922?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау