Әлеуметтік қызмет көрсету саласын трансформациялау аясында кәсіптің мәртебесін және көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыру мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік қызметкерлердің кәсіптік біліктілігін тану тетігін енгізді.
Бүгінгі таңда облыстың халықты әлеуметтік қорғау саласында «Skills.enbek.kz» платформасында кәсіптік оқытудан өткен, жалғызбасты қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасайтын 800-ден астам әлеуметтік қызметкер еңбек етуде.
2025 жылдан бастап Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығы базасында әлеуметтік қызметкерлердің кәсіптік біліктілігін тану жұмысы жүргізіліп келеді.
Ағымдағы жылдың басынан бері 49 әлеуметтік қызметкер өздерінің білімдері мен дағдыларын растады.
Біліктілікті тану сертификаты аттестаттаудан өту және біліктілік санатын беру кезіндегі негізгі құжатқа айналды. Бұл мамандардың кәсіби өсуіне және кәсіптің беделін арттыруға ықпал етеді.
Тұтастай алғанда, құзыреттілікті бағалау жүйесін енгізу жоғары деңгейдегі кадрларды даярлауды қамтамасыз етуге және көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыруға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-ukzsp/press/news/details/1226654?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау