Әлеуметтік қызметтер порталында оңалтудың жеке бағдарламасында қарастырылған көмекті алуға тапсырыс беру мүмкіндігі іске асырылған. Мүгедектігі бар адамдар қызмет жеткізушілерін, соның ішінде жеке көмекшілер мен ым тілі мамандарын дербес таңдап, сондай-ақ арнаулы әлеуметтік қызметтерге өтінім бере алады.
Пайдаланушыларға көмек ретінде платформадағы жұмыс кезеңдерін – қажетті қызметті таңдаудан бастап, электрондық цифрлық қолтаңба арқылы өтінімге қол қоюға дейінгі процесті нақты көрсететін егжей-тегжейлі бейне нұсқаулық ұсынылған: https://www.youtube.com/watch?v=eyqe0K3FhFE
Бұл материалды зерделеу тапсырысты дұрыс ресімдеуге және жеке кабинетте оның орындалу мәртебесін бақылауға мүмкіндік береді. Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда, пайдаланушылар 1414 бірыңғай қолдау орталығына хабарласа алады немесе сайттағы чат-ботты пайдалана алады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-ukzsp/press/news/details/1226288?lang=ru

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау